Қазақстанда республикалық референдум өткізуге 16,4 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы журналистерге Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Конституциялық референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 млрд 460 млн теңге бөлінді», - деді Жамаубаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясына тиісті есептер жіберілген.
«Бүгін Үкіметте тиісті қаулы қабылданды. Ақша таяуда бөлінеді», - деді ол.