×
433.3
464.19
6.48
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
433.3
464.19
6.48

Алматыда 1-сынып оқушысын жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлаған

12.05.2022, 12:01
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Бірінші сынып оқушысын Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінің оқушылары бірнеше күн қатарынан зорлаған. Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Смайылова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тағы да оқыңыздар

"Алматы қаласы, жекеменшік мектеп, сыныпта 12 баладан, 7-сыныптың үш оқушысы бірінші сыныпта оқитын ұл баланы бірнеше күн бойы алып кетіп, сабақ кезінде дәретханада зорлаған! Мұғалім баланы жібере салған және одан қорқынышты ештеңе көрмеген!", - деп жазды қоғам белсендісі.

Баланың әкесі болған оқиға туралы екі апта бұрын біліп, полицияға хабарлаған.

Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізетін "НеМолчиKZ" қорының негізін қалаушы Дина Смайылова президентке ашық хат жолдады. Ол мемлекет басшысынан кінәлі адамдардың барлығы жазасын алу үшін ықпал етуді сұрады.

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов өзінің Telegram-каналында баланың әкесі Наурызбай аудандық полиция басқармасына сәуірдің 21-і күні арызданғанын хабарлады.

“Сол күні 1968 жылы туған Г. есімді азаматтан түскен арыз ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде іс бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады. Тергеу барысын қадағалау үшін процессуалдық прокурор тағайындалды”,- деп атап өтті Рустам Абдрахманов.