×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Қазақстанда зейнет жасы қысқаруы мүмкін

12.05.2022, 13:35
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Вице-премьер Ералы Тоғжанов Қазақстан үкіметі зейнет жасын төмендету мәселесін талқылауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

"Мәселе талқыланады. Расын айтқанда, мәселе оңай емес. Біз халықаралық тәжірибені ескереміз. Жалпы алғанда, халықаралық тәжірибеде зейнет жасын қысқарту туралы айтылмайды. Бұл мәселені тек кеншілер көтеріп отырған жоқ. Бұл мәселені мүгедек баласы бар аналар да көтеріп жүр", - деді Тоғжанов Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Тоғжановтың айтуынша, жыл соңына қарай Әлеуметтік кодекс талқыланады.

Сәуір айында Еңбек министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері 105 мың теңгеден асқанын хабарлаған болатын.