×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Үкім әлі жоқ: Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы төртінші рет кейінге шегерілді

27.03.2023, 12:02
фото: ашық дереккөзден

Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысына 10 наурызда генерал-майор Күдебаевқа қатысты үкім шығарылуы керек еді. Алайда оның сырқатына байланысты сот отырысы кейінге шегерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске салсақ, Серік Күдебаев 2020 жылдан 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды. 58 жастағы полиция генарал-майоры қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Тергеу мәліметінше, ол қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орнын тастап, кетіп қалған. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полиция департаментінен қару-жарақтар ұрланған.

Күдебаевтың соты биылғы жылдың қаңтарында басталды.

28 ақпандағы сот отырысында мемлекеттік айыптаушы судьядан күдікті Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айыпталушының ауруханаға түсіп қалуына байланысты сот отырысы алғаш рет 10 наурызда кейінге шегерілген болатын.

Үкім шығарылады деп жоспарланған 16 наурыздағы сот отырысы да өтпей қалды.  Жетісу облыстық сотының ресми өкілі 27 наурыздағы отырыс та кейінге шегерілгенін мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары