×
479.39
457.43
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.39
457.43
8.21

Шымкентте полиция басшысына сөгіс жарияланды

12.05.2022, 15:21

Шымкенттік полиция қызметкерлерінің жаппай ұсталуына байланысты Ішкі істер министрдің бірінші орынбасары Марат Қожаев бастаған бір топ жетекшілер Шымкентке барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тәртіп сақшыларымен кездескен Марат Қожаев полицияның жұмыс атқаруы мен тәртіп жағдайына қатысты бірқатар мәселені сынға алды. Қалалық ПД бастығы Қайрат Дәлбековке «дер кезінде бақылауға алмағаны үшін» Ішкі істер министрінің бұйрығымен сөгіс жарияланды.

Шымкент қаласы ДП баспасөз қызметінің мәліметінше, ПД басшылығын тәртіптік жауапкершілікке тартуға полиция қызметкерлері жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар себеп болды. Олардың арасында жергілікті полиция қызметінің экс-бастығы, рота командирі және патрульдік полиция полкінің екі қызметкері және Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бар. Жеке құраммен жұмыс істеу міндетіне кіретін кадр аппаратына қатысты да қатаң шаралар қабылданатын болады.

«Президенттің Жолдауын іске асыру мақсатында полиция қатарында дөрекілікке, сыбайластыққа және тамыр-таныстыққа орын жоқ. Қазіргі таңда біз ішкі істер органдарының адал, әділ, еңбекқор және таза қызметкерлерін қолдаймыз және олардың жұмысын ілгерілеу үшін жағдай жасаймыз. Азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау және заң үстемдігін орнату – біздің басты міндетіміз», – деді министр орынбасары.