×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Қор нарығында доллар бағасы арзандады

12.05.2022, 15:54
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,68 теңгеге төмендеп, 434,76 теңгеге тең болды. Айта кетейік, долларының 12 мамырдағы ресми бағамы - 442,61 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 435,75 теңге, ал сатылым - 440,48 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 435,18 теңгеден сатып алады, 438,69 теңгеден сатады.