×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Бала зорлау оқиғасы: БҒМ өкілдері Алматыға барды

12.05.2022, 16:22
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Білім және ғылым министрлігі Алматыда 1-сынып оқушысы зорланды деген жекеменшік "Мариям" мектебін тексереді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен бала құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер жаға ұстатарлық оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматыға ұшып шыққан.

"Бұл жағдайды ерекше бақылауда ұстаймыз. Бүгін профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін жеке ұйымға тексеріс тағайындаймыз. Оқушының отбасына барып, қажетті көмек көрсетеміз. Балаға психологиялық көмек те көрсетіледі. Тергеу нәтижесіне қарай шаралар қабылданады. Сараптама нәтижесін күтеміз. Құқық қорғау органдарымен байланыста боламыз", - деді Иманғалиев.

Еске салсақ, құқық қорғаушы Дина Смайылова Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде 1-сынып оқушысы зорланғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.