×
429.57
447.35
6.94
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
429.57
447.35
6.94

Сот Біртановтың ісін тоқтатудан бас тартты

12.05.2022, 16:48
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Экс-министрге қатысты басты сот отырысы 26 мамырда өтпек.

«Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевті айыптау бойынша қылмыстық іс материалдары қаралды. Осылайша сот айыптылар мен олардың қорғаушыларының ҚР ҚІЖК-де орын алған бұзушылықтарды жою үшін қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы өтініштерін қанағаттандыру, қылмыстық істі тоқтату және Біртановқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуден бас тартуды қаулы етеді», - деді Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Ибрагим Әлкенов.

Сотталушыларға қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалады. Яғни қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін үйқамақ отырады.

Еске салайық, 2020 жылдың 25 маусымында Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.

Бұрынғы министр Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Адвокаттың айтуынша, құқық қорғау органдары іс бойынша бапты қайта саралаған.

Бұған дейін, желіде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы петиция жарияланды. Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев елдегі заңсыздықтар мен тергеу изоляторындағы азаптаулар туралы ашық айтқан болаты.