×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Қазақстанда жұмыссыздар саны қанша?

12.05.2022, 17:49
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстандағы еңбек нарығындағы жағдай тұрақты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 8,8 миллион адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде 6,7 миллион адам жалдамалы жұмыс істеген (экономикадағы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,1 пайызы), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 2,1 миллион адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 23,9 пайызы).

2021 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 35,2 мың адамға өсті, негізінен жалдамалы қызметкерлер есебінен (30,8 мың адам).

"Жұмыссыздар саны 453,1 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз - 4,9 пайыз. Жұмыссыз, жұмыс іздемеген немесе жұмыс істеуге дайын емес 63,1 мың адам", - деп хабарлады бюро.

15 пен 28 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9 пайыз, жұмыс істемейтін және біліммен немесе оқумен айналыспайтын жастар үлесі 6,7 пайыз.

2022 жылдың сәуір айының соңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 193 мың жұмыссыз тіркелген.