×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Жамбылда автобус аударылып, 2 адам қаза тапты

13.05.2022, 09:18
Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Алдын ала болжам бойынша күн райының нашарлауына байланысты жолаушылар тасымалдайтын автобустың жүргізушісі рульге ие бола алмай, бір бағытта келе жатқан трактордың тіркемесіне соғылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус жүргізушісінің көмекшісі мен бір жолаушы оқиға орнында қаза тапқан.

Сондай-ақ ауруханаға 33 адам жеткізіліп, олардың үшеуі жансақтау бөліміне жатқызылған.

"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен (көлік құралын басқаратын адамның абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды",-делінген полиция департаментінің хабарламасында.