«Қазақстанның Конституциясында орыс тілінің мәртебесін қазақ тілімен тең дәрежеде қалдыруды талап етеміз»! Осы петицияны қолдап дауыс бергендердің саны 63 634 адамға жетті (13 мамыр сағат 09.48-де). Қарсы дауыс берген адамдардың саны – 101 457 адам, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Петиция 8 мамыр күні сағат кешкі 22.00-де жарияланған.
«Қазақстанның Конституциясында қазақ тілімен тең дәрежеде орыс тілінің мәртебесін қалдыруды талап етеміз!» - дейді хат авторы.
Петицияны Княжнева Алекса Эдуардовна атты азаматтың жарияланғаны жазылған.
«Жаңалықтар ресурсына аталмыш петиция туралы хабарлаңыз. Осылайша, қоғамдық резонанс туғызып, билік назарын осы проблемаға бұра аламыз», - дейді ол.
Петицияға қарсы дауыс беруге де болады. Ол үшін «Я против петиций» деген батырманы басу керек.
Петицияға мына сілтемеге кіріп дауыс беруге болады.