×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Сатыбалдыұлы мен Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

13.05.2022, 12:50
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қайрат Сатыбалдыұлы және Қайрат Боранбаевқа қатысты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"2022 жылғы 12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты күзетпен ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 ай мерзімге ұзартты. 2022 жылғы 10 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 ай мерзімге ұзартты", - делінген елордалық сот хабарламасында.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақтелеком АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша" Қайрат Сатыбалдының да ұсталғанын жария етті. Әділет министрі Қанат Мусин Қайрат Сатыбалдының ұсталуы ҚР Тұңғыш Президенті туралы заңға қайшы келмейтінін айтқан болатын. 

Сондай-ақ 17 наурызда Боранбаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген.