×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Шымкентке олимпиадаға барып, жаппай уланған оқушылар - СЭС түсініктеме берді

27.03.2023, 19:14
Фото: Ашық дереккөз

Шымкентте наурыздың 20-25 аралығында жаратылыстану-математика бағытында республикалық олимпиада өтіп, оның барысында 15 оқушы жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Осыған қатысты Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті түсінік берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Олимпиадаға қатысуға келген оқушылардың барлығы үш мекенжай бойынша қаладағы оқу орындарының жатақханаларына орналастырылған. Ауруханаға түскен 15 оқушы соның бірінде болған. Атап айтқанда, олар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің №5 жатақханасында тұрған. №5 жатақхана тұрғындары үшін тамақтану (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) осы жатақхананың буфет-асханасында ұйымдастырылған. Зерделеу барысында зертханалық зерттеулерге тағам үлгілері, су сынамасы, сүртінді, асхана қызметкерлерінен бактериятасымалдаушылыққа бактериологиялық зерттеуге анализдер алынған. Сүртінділерді зерттеулер нәтижелері бойынша ішек таяқшасы тобындағы бактериялар (ІТТБ) табылды", – деді Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Ал бүгінгі таңда барлық 15 науқас бала сауығып, стационардан шығарылған.

"Барлық балаларда бактериологиялық зерттеулер нәтижесі - теріс, "Басқа және анықталмаған гастроэнтерит және инфекциялық колит" қорытынды диагнозымен шығарылды", делінген хабарламада.

 

 

23 наурыздан бастап №5 жатақханада тұратын олимпиадаға қатысушыларды тамақтандыру №1 қалалық мектеп-гимназиясының асханасына ауыстырылған.

Берілген ұсыныстарға сәйкес, оқушылардың қатысуымен өтетін олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі тоқтатылды. 2023 жылдың 3-8 сәуірінде Шымкент қаласында өткізу жоспарланған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың форматы қайта қаралды, енді олимпиада аймақтарда өткізіледі.

Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы республикалық олимпиаданы өткізу Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен келісілмеген және оның өтетіні жөнінде хабардар етілмеген. Ағымдағы жағдайға сәйкес және КВИ тіркелуінің жалғасуына (пандемия жойылған жоқ), сонымен қатар көршілес елдерде қызылшамен сырқаттанушылық өсіп, Шымкент қаласында екі жағдайдың тіркелуіне байланысты, аурулардың таралуын болдырмау және алдын алу мақсатында департамент алдағы уақытта республикалық олимпиадаларды ұйымдастырушыларға олимпиадаларды өткізуді Қазақстан Республикасының инфекциялық аурулардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясымен келісуді ұсынады.

Серіктес жаңалықтары