×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Тоқаев Мәскеуде өтетін ҰҚШҰ-ның мерейтойына қатысады

13.05.2022, 14:42
odkb-csto.org

16 мамырда Кремльде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді. Кездесу ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және ҰҚШҰ құрылғанына 20 жыл толуына арналады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2022 жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Армения Республикасы төрағалық етуде.

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Парламенттік ассамблеясының баспасөз қызметінің мәліметінше, жиынға Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысады.

"Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась та қатысады. ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мүшелері ұйымның жауапкершілік аймағындағы жағдайды, оның даму перспективаларын талқылап, ҰҚШҰ-ның мерейтойына арнап мәлімдеме қабылдайды деп жоспарланып отыр", - делінген ҰҚШҰ хабарламасында.