×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Мәжілістегі ақжолдықтар: тағы да Перуашев, тағы да Иса...

27.03.2023, 19:45
Фото: Ашық дереккөз

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының Ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Онда Парламент Мәжілісінің сегізінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Пленумның бірауыздан шешім шығаруымен Мәжілістің депутаттық мандаттары келесі кандидаттарға сеніп тапсырылды:

Барлыбаев Ерлан Хайланұлы - экономист, Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты

Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы – жас бизнесмен, «BIGLIFE» ЖШС тәуелсіз директоры, Жетісу облысы

Еспаева Дания Мәдиқызы -  финансист, Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты

Иса Қазыбек Жарылқасынұлы – ақын, партия төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты

Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – партия төрағасы, Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты

Садықов Асқар Аманбайұлы – бизнесмен, партияның облыстық филиал төрағасы, Ақтөбе облысы.

Еске сала кетейік, бүгін, 27 наурызда Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар мен Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауының қорытындысын шығарды. Сайлау қорытындысы бойынша «Ақ жол» Мәжілісте 6 депутаттық мандат алды.

Серіктес жаңалықтары