×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Мемлекеттік аудит органдарының 27 қызметкері ұсталды

13.05.2022, 14:50
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Соңғы 2 жылда агенттік ішкі мемлекеттік аудиттің лауазымды тұлғаларына қатысты 27 қылмысты тіркеді. Олар әдетте, мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындыларын қайта қарау үшін пара алып келген. Мысалы, ішкі мемлекеттік аудит мамандарының өздері шағым ұйымдастырған. Содан кейін қайтадан өздерінің пайдакүнемдік мақсатында тексеру жүргізген. Мәселен, өткен жылы бір ғана ЖШС-дан осындай 1600 шағым түсіп, оның 900-і қанағаттандырылған. Ал басқа нақты, шынайы өтініштер еленбеген”, - деді Ұ. Сарқұлов.

Бұған дейін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов бұрынғы премьер-министр Асқар Маминге қатысты пікір білдірген болатын.