×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Бала зорлау оқиғасы: БҒМ мектептегі заң бұзушылықтарды анықтады

13.05.2022, 15:27

БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен Балалар құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер "Мәриям" жекеменшік ұйымын тексерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Құрылған комиссияның тексеру нәтижесі бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде (бейнебақылауды қамтамасыз ету бойынша тиісті талаптарды сақтамау), қажетті санитарлық-гигиеналық талаптарды құруда (сыныпта жарықтың нашарлығы, желдету жүйесінің болмауы және т.б.) бірқатар бұзушылық анықталды”, – деп хабарлайды БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.

Министрлік өкілдері қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүріп жатқанын, оның қорытындысы бойынша шаралар қабылданатынын айтты.

Сондай-ақ олар зорлық көрген оқушының да отбасына барды. Комитет қызметкерлерінің айтуынша, балаға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, бірінші сынып оқушысын Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінің оқушылары бірнеше күн қатарынан зорлаған. Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Смайылова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Кеше БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті оқиғаны тергеуді бастаған болатын.