×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Синтетикалық есірті сатқан қылмыстық топтың мүшелері сотталды

13.05.2022, 16:44
polisia.kz

Қазақстанда синтетикалық есірткі дайындап, оны сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ мәліметінше, қылмыстық топқа 6 адам кірген. Олардың бесеуі синтетика өндірісімен айналысса, біреуі есірткіні әртүрлі орында жасырып отырған.

Сотталушылар Қарағанды, Павлодар облыстары мен Ақмола облысы Аршалы кентінде 4 есірткі зертханасын ашқан.

"Қылмыстық топтың біріншісі мүшесі 2020 жылғы 10 қазанда күндізгі сағат 15.00-де Қарағанды қаласы Амангелді көшесінде есірткінің ірі партиясын жасырып жатқан жерде ұсталды. Тінту барысында оның жасырын зертханасынан 5,7 кг Альфа PVP синтетикалық есірткі және оны өндіруге қажетті жабдықтар тәркіленді.  Топтың екінші мүшесі Павлодар қаласында ұсталды. Ол есірткіні өз үйінде өндірген. Одан алдымен 175 грамм синтетика, кейін жалпы салмағы 12 келіге жуық есірткі тәркіленді", - делінген хабарламада.

Олардың есірткіні такси жүргізушілері арқылы немесе машинаның бензин багына жасырып тасымалдаған.

"Сотталушының бірі логистикалық компанияның кеңсесінде ұсталды. Ол шарап түрінде жіберілген мефедрон ерітіндісі бар 36 бөтелке алмақ болды", - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық топтың мүшелері есірткіні биткоинға сатқан. Олар интернет-қосымшалар арқылы электронды валютаны теңгеге айырбастап, кейін қолма-қол ақшаға айналдырған.

Полиция дерегінше, тергеу 1 жылдан аса уақыт жүргізіліп, биыл наурызда сот отырысы өткен.

"Сот процесінде айыпталушылар өз кінәсін мойындаған жоқ. Олар алдын ала тергеу барысында берген түсініктемелерінен бас тартып, ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа мүшелерімен таныс емес екенін айтты. Олар "есірткі жасырылған жерлерді білмедік, бір-бірімізбен хат алмаспадық" деп мәлімдеді. Тіптті, сотталушылардың бірі полицейлерге есік ашпай, телефонын терезеден лақтырып жіберген", - деді ІІМ.

Сотта айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденген. Соттың үкімімен айыпталушылардың екеуі 15,5 жылға сотталды, ал қалғандары мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.