×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Кеше 5 адамнан коронавирус анықталды

14.05.2022, 11:09
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

13 мамырда ПТР тест арқылы Қазақстанда 5 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі еліміздің қос бас қаласында тіркелді.

Атап айтқанда, біреуі Нұр-Сұлтанда, қалған төртеуі Алматыда. Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 636 жетті.

Сондай-ақ еліміз бойынша 258 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Сонымен осы дерттен сауыққандар саны - 1 291 748.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирустың жаңа штамы анықталғанын хабарлаған болатын.