×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Оңтүстік Осетияда Ресейге қосылу туралы референдум өтеді

14.05.2022, 12:18
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

17 шілде күні Оңтүстік Осетияда Ресейге қосылуы туралы референдум өтпек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

BBC агенттігі таратқан мәлімет бойынша, республиканың экс-президенті Анатолий Бибилов 13 мамыр күні аталған жарлыққа қол қойған.

Референдум кезінде республика халқы Оңтүстік Осетияның Ресейге қосылуын қолдайсыз ба деген сұраққа жауап беруі тиіс.

“Грузиядан бөлініп, өз егемендігін жариялаған республиканың басшысы Оңтүстік Осетия халқының Ресеймен қайта қосылуға деген талпынысын басшылыққа ала отырып референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды”, – делінген хабарламада.

Орталық сайлау комиссиясы Оңтүстік Осетияның Ресейге қосылу туралы бастаманы бірауыздан қолдады. Бұл туралы Анатолий Бибилов өзінің Telegram-арнасында жазды.