×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Алматыда құны 6 млрд теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

28.03.2023, 12:01
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Бас әскери прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, 2014 жылы Алматы қаласының Медеу ауданындағы нарықтық құны 6 млрд теңгеден астам, жалпы ауданы 3,8484 га жер учаскесі «Достық строй» құрылыс компаниясы» ЖШС-нің меншігіне өткен.

Алайда, бұл учаске 7 жылдан астам уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмағанын ескере отырып, әскери прокуратура органдары оны мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызбен жүгінген.

“Өткен жылдың қарашасында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әскери прокуратураның талап-арызы қанағаттандырылып, заңды күшіне енген. Қазіргі уақытта сот актісін орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде”, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, "Достық строй" ЖШС құрылтайшылары – Joint Technologies және "Кипрос". Екі компания да миллиардер және ҚР бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі.

Еске салайық, бұдан бұрын Каспий жағалауындағы 20-дан астам жер учаскесі мемлекетке қайтарылған болатын.

Серіктес жаңалықтары