×
429.57
447.35
6.94
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
429.57
447.35
6.94

Нұр-Сұлтанда такси жүргізуші жолаушыны сабап, тонап кетті

14.05.2022, 14:31
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда жолаушыны сабап, ақшасы мен телефонын тартып алған такси жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, полицияға қала тұрғыны шағымданған. Айтуынша, оны такси жүргізуші соққыға жығып, ақша салынған сөмкесі мен ұялы телефонын тартып алған.

"Тергеу барысында такси жүргізуші жолаушыны үйіне жеткізгені анықталды. Жолда келе жатқанда екеуінің арасында жанжал шыққан. Салдарынан күдікті күш қолдану арқылы жәбірленушіні тонаған", - делінген хабарламада.

Полицейлер 30 жастағы күдіктіні ұстады. Ер адам бұрын ұрлық үшін сотталған.

Бұл фактіге қатысты "Тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті кінәсін мойындады, қазір оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.