Жамбыл облысында жол апатынан зардап шеккен Өзбекстан азаматтары өз отанына кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сегіз жедел жәрдем көлігі мен бір жолаушылар автобусы шекарадан аман-есен өткен.
"14 мамыр түнгі сағат 02.00-де Өзбекстан ТЖ министрінің орынбасары Азизбек Латифжонов бастаған жедел топ колоннамен Жамбыл облысы Жуалы ауданынан 8 жедел жәрдем көлігі және бір "Ванхолл"маркалы жолаушылар автобусымен Өзбекстанға жөнелтілді", - делінген хабарламада.
Олар жол апатынан зардап шеккен 13 адам мен уақытша орналастыру пунктіндегі жеті адамды, сондай-ақ көз жұмған екі адамның мәйітін алып кетті. Ал Өзбекстанның 1980 және 1965 жылғы екі азаматы Жуалы ауданы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.