×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Алматы прокуратурасы ірі құрылыс компаниясын сотқа берді

14.05.2022, 15:43
Сутер Алматы прокуратурасының сайтынан

Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасы Алматы қалалық жобалау және урбанистика басқармасының эскиз жобасын келісу бойынша әрекетін заңсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сәтпаев көшесі, 26/4-үй мекенжайы бойынша салынып жатқан тұрғын үй кешені дауға себеп болып отыр. Мердігер ​​– "Bi RealtyAlmaty" ЖШС.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары осы учаскедегі тығыздалған құрылысқа, сондай-ақ саябақтардың, әлеуметтік нысандардың және тұрақ орындарының жетіспеушілігіне наразылық білдірген болатын.

"Прокурорлар халықтың тығыздығы ескерілмегенін және нысанды салу құрылыс нормаларының шекті рұқсат етілген параметрлерінен асатынын, сондай-ақ білім берудің әлеуметтік нысандарына түсетін жүктеме ескерілмегенін анықтады", - делінген хабарламада.

Мердігер 900 орынға арналған мектеп салуға уәде етті. Алайда осы нысан радиусында қазірдің өзінде балабақша мен жалпы білім беретін мектептердің 2 274 орынға тапшылығы тіркелген. Яғни, мердігер мектеп салған күннің өзінде тапшылық 1 374 орынды құрайды. Яғни, басқа да құрылыс нормалары мен ережелері бұзылғаны анықталды.

Прокуратура шағын аудан тұрғындары мен әлеуметтік мәселелерді есепке алып, осы нысан құрылысының тұжырымдамасын қайта қарау керек деп санайды.