×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Бүгін бірнеше өңірде әйелдер митингке шықты

14.05.2022, 17:25

Әйелдердің зейнет жасын 58-ге дейін төмендетуді талап етіп еліміздің Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Тараз, Қостанай және Семей қалаларында митинг өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қоғамдық қозғалыс өкілдерінің айтуынша, қазіргі жағдайда физикалық және әлеуметтік себептерге байланысты қазақ әйелі 63 жасқа дейін жұмыс істей алмайды.

Митингте әйелдердің зейнет жасын төментетуді талап еткен түрлі ұран сөздер жазылған плакаттар ұстап шықты.

Еске салайық, Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнет жасын кезең-кезеңімен – жыл сайын алты айға ұлғайтып келеді. 2027 жылға қарай олар да ер адамдармен бірдей, яғни 63 жаста зейнетке шығатын болады.

2022 жылдан бастап қазақстандық әйелдердің зейнетке шығу жасы тағы алты айға ұлғайып, 60,5 жасты құрады.

Бұған дейін үкімет Қазақстанда зейнет жасын қайта қарау мүмкіндігін жоққа шығармайтынын мәлімдеген еді.