×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Финляндияның НАТО-ға кіру туралы шешімі Путинге ұнамай қалды

15.05.2022, 17:49
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Финляндияның НАТО-ға мүшелікке өту туралы ресми шешімі жақын арада республиканың жоғары заң шығарушы органында талқыланатын болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін Саули Ниинисте мен Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы әңгімелесу барысында Хельсинкидің НАТО-ға кіру жоспары мен Украинадағы жағдайды талқылаған болатын.

Екі елдің көшбасшылары Финляндияның НАТО-ға мүшелікке өту үшін өтініш бергісі келетіндігіне байланысты пікір алмасты.

Әңгімелесу барысында Ниинисте Ресейдің соңғы айлардағы әрекеттері Финляндияның қауіпсіздігіне алаңдаушылық тудырғанын, осыған байланысты альянсқа кіру процедурасын бастау туралы шешім қабылданғанын түсіндірді. Сонымен бірге, Финляндия президенті өз елінің Ресеймен тату көршілік қарым-қатынасын дұрыс және кәсіби түрде құруды жалғастыратынын атап өтті.

Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Путин сұхбат барысында дәстүрлі әскери бейтарап саясаттан бас тарту қате болатынын, өйткені Финляндияға ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтқан. Ол Ниинистаға НАТО-ға кіру екіжақты қарым-қатынасқа кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті.

Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін Финляндия тұрғындары арасында НАТО-ға кіру идеясын қолдайтындардың саны өсті. Финляндия мен Ресейдің жалпы құрлық шекарасы шамамен 1200 км. Алдағы күндері Швеция Финляндиямен бірге НАТО-ға мүшелікке өтініш береді деп жоспарланып отыр.