×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Лай көшкінінде жоғалған 5 жасар қыздың мәйіті табылды

16.05.2022, 07:41
Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Текелідегі лай көшкінінде жоғалған бес жастағы баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл жөнінде Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел фейсбук парақшасында жазды.

«Бес жасар қыздың мәйіті табылды. Шапағатшы болсын!», - деп жазды ол.

Бұл ақппаратты Алматы облысы төтенше жағдай департаменті де растады.

«15 мамыр күні сағат 18.15-те қызметтік иттің көмегімен Текелі қаласында лай көшкіні кезінде қаза тапқан 2016 жылы туған қыз баланың денесі бұзылған үйінді астынан табылды»- делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматы облысының Текелі қаласында батпақ көшкіні жүріп, бес жастағы бала жоғалып кеткен болатын.