×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Оралда тергеушіге пара берген педофилге қатысты үкім шықты

01.10.2021, 18:43
Фото: ашық дереккөз

27 қыркүйекте Орал қалалық соты тергеушіге пара берді деп айыпталған 52 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

mgorod.kz-нің мәліметінше, 2021 жылдың 5 шілдесінде Орал қаласындағы орта мектептің электригіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Ол «жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген.  

«Жетінші шілде күні айыпталушы тергеушінің телефон нөмірін тауып алған. Тергеу амалдары кезінде өзіне көмектеседі деген оймен ол тергеушінің нөмірі арқылы тергеушінің банктегі есепшотына ақша аудару туралы шешім қабылдайды. Тергеушіге ескертпестен 50 мың теңге аударған. Бірақ тергеуші параны алудан бас тартып, жеке қауіпсіздік басқармасына жүгінген», - делінген іс материалында.  

Күдікті кінәсін мойындаған. Сот үкімімен ол лауазымды тұлғаға пара бергені үшін кінәлі деп танылды. Оған 562 000 теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Оны бір ай ішінде төлеуі керек. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Полиция департаментінің мәліметінше, айыпталушының «жас балаларды азғындық жолға түсіруге» қатысты ісі сотқа жолданған.

Серіктес жаңалықтары