×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Белгілі актер Сағат Жылгелдиев өмірден өтті

16.05.2022, 09:40

Белгілі актер Сағат Жылгелдиев өмірден озды, деп хабарлады Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театры.


 

«Театрымыздың актері, жаны жайсаң Сағат Жылгелдиев ағамыз дүниеден өтті. Театр ұжымы, әріптестері марқұмның жұбайы Жібек Лебаева мен отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Бақұл болыңыз аға! Сіздің жарқын бейнеңізді әріптестеріңіз, ұжым, өзіңіздің сүйікті көрермендеріңіз мәңгі жадында сақтайды», - делінген хабарламада.

Сағат Ермағамбетұлы Жылгелдиев - 1954 жылдың 12 желтоқсанында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққыр ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Ерен еңбегі үшін медалінің иегері.

Сағат Ермағамбетұлы Қазақ драма театры жанындағы театр студиясын, Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік бөлімін бітірген.

Ол еңбек жолын 1977 жылы Талдықорған қаласындағы облыстық Бикен Римова атындағы драма театрында бастады.

1997 жылдан бері Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері болды.

Ол ойнаған Ақын (И.Сапарбаевтың «Ауылдан келген аруында»), Байжан (И.Ғайыптың «Алтын ажалында»), Абдолла (С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншегінде»), Қожа Ахмет Иасауи (О.Дастановтың «Әзірет Сұлтанында»), Шеге, Байдалы би, Сердәлі (Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Ұлпан», «Ақан сері – Ақтоқтысында») т.б. рольдерін мамандар жақсы бағалаған.
 
Сондай-ақ отандық фильмдер мен телесериалдарда бірқатар рөлді сомдады. Марқұм көпшілікке «Келінжан» телесериалы арқылы таныс.