×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр

16.05.2022, 11:36

Маңғыстау облыстық балық инспекциясы басқармасы мәлімдеті бойынша, мамандар барлығы 64 өлексені тапқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Форт-Шевченко теңіз порты аймағында Урдюк мүйісінен Баутинская мүйісіне дейінгі жағалаудан өлі итбалықтар табылды. Осы дерек бойынша экологтар және жергілікті атқарушы органның бірлескен жұмыс тобы құрылып, аумақты зерттеу жұмыстары жүргізілді. Толық тексеру барысында 64 өлген итбалық пен 5 бекіре тұқымдас балық табылды.

«Бұл бір күн бұрынғы оңтүстік-батыстан соққан екпінді желдің салдарынан болып отыр. Зертханалық зерттеу үшін өлген жануарлардан сынамалар алынып, тоңазытқышқа қойылды. Сондай-ақ су мен ауа сынамалары алынды», – деп хабарлайды Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы.