×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Харьковтағы Ресей әскері шекараға дейін шегінді

16.05.2022, 12:32
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Украина әскері Харьков маңындағы бірнеше елді мекенді азат етті. The Study of War институтының мәліметіне сүйенсек, Ресей аталған маңнан сарбаздары мен техникасын әкете бастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Украина Қарулы Күштерінің аумақтық қорғаныс күштерінің Харьков қаласындағы 127-ші бригадасының 227-шы батальоны Ресей әскерін шегіндіріп, екі ел арасындағы мемлекеттік шекараға жақындаған.

Украина әскерилерінің ел президенті Владимир Зеленскийге бұл туралы есеп бергені түсірілген видеосы әлеуметтік желіге жүктелді.

"Біз жеттік, президент мырза, біз осындамыз! Міне, бізбен бірге шекарашы тұр. Президент мырза, біз жеттік!"– дейді әскерилер.

Бұған дейін ІІМ басшысының кеңесшісі Вадим Денисенко Харьков облысындағы украин әскерлері мемлекеттік шекарадан алыс емес екенін айтқан болатын.

BBC агенттігіне сұхбат берген Харьков мэрі Тереховтың айтуынша, Украи­на қарулы күштерінің қарсы шабуылы басталғалы бес күн­нен бері Харьковты атқылау тоқтаған. Осы уақыт ішінде Ресей сарбаздары Харьков әуе­жайы аймағында зымыран ұшыруға әрекет жасаған екен. Бірақ оны Украинаның әуе қорғаныс күштері атып түсірген.