×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтарудың шынайы мүмкіндігі бар - адвокат

16.05.2022, 13:11
Фото: Ашық дереккөзден

2014 жылы Гуанжоу әуежайында ұсталып, кейін Қытай заңымен өмір бойы бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтарудың шынайы мүмкіндігі бар. Бұл туралы оның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ақжарқын Тұрлыбай бойынша – оның Қазақстанға қайтарылуын күтіп отырмыз. Оларды (Ақжарқынмен бірге ұсталған РФ азаматы Мария Дапирка) отанына қайтарудың шынайы мүмкіндігі бар», - деп жазды ол.

Еске сала кетсек, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылған. Отандасымыз 20 жаста болған. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ. 2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді. Араға үш жыл салып, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Гуанжоу соты үкім шығарып, жаза өзгеріссіз қалды.