×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Арыстанбек Мұхамедиұлының суицид жасағаны рас па?

16.05.2022, 14:33
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Бүгін әлеуметтік желіде бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тексеріп жатыр деген ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған қатысты Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан әлеуметтік желі арқылы араша сұрап арнайы үндеу жолдады.

Сондай-ақ ол бұл тексерулердің артында кімдердің тұрғанын да айтып өтті.

“Продюссер Тұңғышбай Жаманқұлов айыбын бетіне басқаным үшін, мені ата жауындай көріп, күні бүгінге дейін жөн-жосықсыз арызданып келеді.  Әрине, «қаһармандар» азуын көрсетуден қайтар емес. Оның ту сыртында кезінде Дариға Назарбаеваның, Бағлан Майлыбаевтың, Ермек Аманшаевтың тұрғанын және де  солардың айдағы екені де белгілі. Әлбетте, қисапсыз тексеру, тергеу амалдары да жүрді. Бірақ, менің ар-ұжданым таза! Жеке басымды қаралаған бірде-бір факт дәлелденбеді”, – деп жазды экс-министр.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Мұхамедиұлының тамырын кесіп тастағаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Алайда Мұхамедиұлының министр кезінен баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай бұл ақпаратты жоққа шығарды.