×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Қырылған итбалыққа қатысты Экология министрлігі түсініктеме берді

16.05.2022, 15:28
lada.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің болжамынша, Каспий теңізінің жағасынан табылған өлі итбалықтар қыста қырылған болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Теңіз жануарлары мен бекіре тұқымдас балықтардың өлекселері қатты ыдырап кеткен, соның салдарынан зерттеуге тін сынамасын алуға мүмкіндік болмады. Демек, олар қыста өлген деп болжауға болады", - деп атап өтті экология министрлігі балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Форт-Шевченко теңіз портының жағалау аймағында Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері 64 өлі итбалық пен 5 өлі бекіре тұқымдас балықты тапқан болатын.

Олар өлген жануарлар табылған жерден су мен ауа сынамасын алды. Зерттеу нәтижесі бір ай ішінде жарияланады.