×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Кәсіпкерлер Қазақстанда бизнес жүргізуде кездесетін негізгі 5 кедергіні атады

16.05.2022, 18:18
Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық банк 2022 жылдың I тоқсанындағы кәсіпорындар мониторингінің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің айтуынша, 2022 жылдың I тоқсанында сауалнамаға 3334 кәсіпорын қатысқан. Олардың ішінде 1576 ірі және орташа кәсіпорын болған. Мониторинг нәтижесі нақты секторда экономикалық белсенділіктің оң динамикасы жалғасып келе жатқанын көрсеткен. Ол дайын өнімге сұраныс ұлғаюына және оның бағасы өсуіне негізделді.

«2022 жылғы I тоқсанда дайын өнімге сұраныс біршама ұлғайды. Диффузионды индекс 52,0-ден 53,1-ге дейін өсті. Тауарлар өндіру (54,1) мен қызмет көрсету секторында (52,2) көрсеткіш жақсарғаны байқалады. Кәсіпорындардың дайын өнімі бағасының өсу қарқыны жеделдеп, ДИ  65,2 болды. Баға тау-кен және өңдеу өнеркәсібінде өсті», - дейді ол.

Бұрынғыдай, кәсіпорындар Қазақстан экономикасының жай-күйі бизнесті жүргізудегі негізгі кедергі деп санайды. Бұл жөнінде сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың 38,4%-ы мәлімдеді. Басқа кедергілер: бәсекелестік (28,9%); сатып алушыларды іздестіру (22,6%); салық деңгейі (21,9%); білікті мамандардың жетіспеуі (20,0%) болып отыр.