×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Каспий теңізіне үш адам батып кетті

17.05.2022, 09:42
Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Каспий теңізіне батып кеткен үш жігіттің мәйіті табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыровтың айтуынша, теңізге шомылғысы келген төрт адамның үшеуі де суға батып кеткен.

"Суға түскен екі жігіт бата бастаған, ал екеуі оларды құтқаруға ұмтылған. Достарын құтқару үшін секіріп кеткендердің бірін оқиға куәгерлері алып шықты. Ол 26 жастағы Бейнеу қаласының тұрғыны. Қазір жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне шығарылды", - деді Бекболат Әбдіқадыров.

Оқиға орнында іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында ТЖД күштері жағалаудан 1,5-2 метр қашықта Каспий теңізінің түбіне үш метрге тереңдеу жұмыстарын жүргізді.

"Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, құтқарушылар кәсіби және тиімді жұмыс істеді, аз уақыт ішінде суға батқан үш адамның да денесі табылып, судан шығарылды", - деді Бекболат Әбдіқадыров.