×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

Тоқаев 69 жасқа толды

17.05.2022, 09:54
Ақорда

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 69 жасқа толды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол 1953 жылы 17 мамырда жазушы Кемел Тоқаев пен Алматы шет тілдері педагогикалық институтының қызметкері Тұрар Шабарбаеваның отбасында дүниеге келді.

Әкесі Кемел Тоқаев - белгілі журналист және майдангер. Ол 1923 жылы Талдықорған облысының Қаратал ауданында дүниеге келген. 18 жасында майданға аттанып, ауыр жарақат алған. Соғыстан кейін журналист болып жұмыс істеген, кітап жазған. 

Президенттің есімі әкесінің майданда қайтыс болған Қасым деген ағасының құрметіне қойылған. Ол туралы: «Өзіме қамқор болған ағаның майданда қаза болуы мені шын жетім етті. Оны ұмыта алатын емеспін. Жаңа туған тұңғыш ұлымның Жомарт деген атына Қасым ағамның атын қосып атап жүрмін»,- деп еді. Осы әңгімені көңілі босап, көзіне жас үйіріліп, егіліп айтты. Кейін үйінде болғанда кішкентай Қасым-Жомартты көрсетіп, «Менің ағамның атын қойған ұлым – мынау», деп көрсеткен", – деп жазған әдебиет сыншысы Серік Қирабаев өзінің естелігінде.

Қасым-Жомарт Тоқаев – БҰҰ бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған алғашқы қазақ. 2011 жылғы наурыздан 2013 жылғы қазанға дейін БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның орынбасары лауазымын атқарды, БҰҰ-ның Женевадағы Еуропалық бөлімшесін басқарды, қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы болды. 

Мемлекет басшысы қазақ тілінен бөлек, орыс, ағылшын, қытай, француз тілдерін жетік біледі.

Хоббиі – кітап оқу. Мемуарлық, тарихи және көркем әдебиеттерді оқығанды ұнатады.

Мемлекет басшысы өзінің туған күнін тойлауды ұнатпайтынын бұрынғы баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтар отбасы бұл күнді атап өтпейтінін айтқан болатын.