×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Журналистерге жауап беруі қажет»: Мәжіліс төрағасы депутат Назаровтың әрекеті жайлы

29.03.2023, 13:46
«Журналистерге жауап беруі қажет»: Мәжіліс төрағасы депутат Назаровтың әрекеті жайлы
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтан журналистер жаңадан сайланған депутат Ардақ Назаровтың әрекеті жөнінде пікір білдіруді сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ардақ Назаров кеше Астанада депутаттық мандатын алуға барғанда журналистердің сұрағына елемей, Қаңтар жайлы сұраққа «Алла баршаңызды аман етсін» деп түсініксіз жауап берген. Жаңа депутаттың бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Ал парламент палаталарының бірлескен отырысында бүгін Назаров тіптен ешбір сұраққа жауап бермей кете барды.

«Назаровтың бұл әрекеті жайлы не деуге болады? Сіздер шара қабылдайсыздар ма? Әдеп жөніндегі кеңесте оның бұл әрекетін қарайсыздар ма?» деп сұрады журналистер Қошановтан.

Бұл сұраққа жауап берген Қошанов «біз әлі Әдеп кеңесін құрып үлгерген жоқпыз» деп бастады.

«Мейлінше ашық болуға тырысамыз. Депутаттарда бүгін бірінші отырыс болды. Иә, мен парламент спикер ретінде депутаттармен осындай талаптар бар деп жұмыс жүргіземіз. Былтыр жетінші шақырылымда ондай оқиғалар болды деп мен айта алмаймын. Солай ғой!? Сондықтан, біз де оны қайталамауға тырысамыз. Әрине, журналистермен кездесу, сіздерге сұхбат беру – бірінші кезекте біздің мүддеміз. Себебі сіздер арқылы халыққа жасап жатқан жұмысымызды жеткізу – бізге қажет», - деді ол.

Ерлан Қошановтан журналистер «өзіңіздің тарапыңыздан Ардақ Назаровқа ескерту бола ма?» деп те сұрады.

«Ардақ Назаров біздің регламентті бұзатын болса, әрине, ескерту беріледі. Журналистердің сұрағына жауап бермеген екен деп, депутаттық мандатынан айыру деген заңда қарастырылмаған. Депутат өзі құқылы – жауап бере ме, жоқ па? Бірақ жауап беруі қажет», - деді ол.

Қошанов «бұл мәселені шешілмейтін мәселе емес» деп түйді.