×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Қазақстанда әкімдердің рейтингі жол сапасына байланысты қалыптасатын болды

17.05.2022, 11:50
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстандағы әкімдердің рейтингі жолдардың сапасына қарай анықталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр орындалған жұмыстардың сапасын бақылауды арттыру мақсатында «Көлік туралы» заң жобасы аясында кепілдік мерзімінде мердігерлермен тең дәрежеде авторлық және техникалық қадағалаудың бірлескен жауапкершілігі енгізілгенін атап өтті.

«Сонымен бірге жол сапасын қамтамасыз ету үшін мыңнан аса ноомативті-құқықтық акт енгізіледі. Одан бөлек әкімдердіің рейтингін жол сапасына байланысты анықтау бойынга әдістеме әзірленді. Онда мақұлдау және бекіту процедуралары енгізіледі», - деді министр.