×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Қазақстанда орташа зейнетақы төмендеді

17.05.2022, 13:46
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Еңбек министрлігінің мәліметінше, өткен кезеңмен салыстырғанда 151 теңге көлемінде айырмашылық бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәселен, сәуір айында ведомство 105 344 теңге деңгейіндегі орташа зейнетақы туралы есеп берді. Бір айдан кейін орташа сома 105 193 теңгені құрады.

1 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 939,3 миллиард теңгеден астам зейнетақы төленді. 2022 жылғы сәуірде зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 234,4 млрд теңге бөлінді, оның 71,3 млрд теңгесі базалық зейнетақыға, 163,1 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленді.

“Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда) 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 105 193 теңгені құрады», - деп хабарлады Еңбек министрлігі.

Сондай-ақ министрлік 2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 245 мың адамды құрайтынын хабарлады. Бір ай бұрын 2 млн 245,6 мың адам зейнетақы алған.