×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Жемқорлық: Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 10 жылға сотталды

17.05.2022, 14:40
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев 10 жылға сотталды. Шенеунік жазасын қауіпсіздігі ең төмен колонияда өтейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары мен Құрылыс басқармасының басшысына Құлсары қаласындағы ірі әлеуметтік нысандардың бірінің қабылдау актісіне қол қоюға ықпал еткені үшін пара алды деген айып тағылды.

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаевты кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан және өмір бойы лауазымды мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Тимур Басаров бес жылға бас бостандығынан айырылды. Оған да өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Еске салсақ, 2020 жылғы қыркүйекте Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен облыстың құрылыс басқармасының басшысы 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.