×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Полиция "қамқорлық" жасаған: "ҚТЖ" қызметкерлері 127 млн теңгенің материалдарын ұрлаған

30.03.2023, 09:51
фото: ашық дереккөзден

2 жыл бойы темір жолдардың жағдайын жақсартуға арналған материалдарды ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, ұрланған төсемдер, шпалдар, рельстер және басқа да тауарлар жарамсыз немесе белгілі бір ақаулары бар жол төсемінің жоғарғы құрылымының бөліктерімен ауыстырылды деп жалған мәліметпен есептен шығарылған.

“Қылмыстық топқа «ҚТЖ «ҰК» АҚ-ы Қарағанды бөлімшесінің 17 қазіргі және бұрынғы жұмысшылары тартылған. Оларға полиция қызметкері қамқорлық жасаған. Алдын-ала есептелген шығын 127 млн теңгеден астам сомаға бағаланды, бұл 800 тоннаға жуық материалдар”, – делінген ведомство хабарламасында.

Бүгінгі таңда ұрланған тауарлардың көпшілігін сатып алушылары мен орналасқан жерлері, сондай-ақ оларды тасымалдайтын жүк көліктері анықталды.

Соттың санкциясымен Жаңаарқа жол дистанциясының учаске бастығы және оның орынбасары, сондай-ақ желілік полиция бөлімшесінің бастығы тергеу изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары