×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

ІІМ өңірлік полиция басшыларын жаңа форматта тағайындады

18.05.2022, 09:53
© Polisia.kz

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жарлығымен бірқатар аймақта полиция бастықтарының бірнеше орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство басшысы үміткерлердің әрқайсысымен сөйлесе отырып, ІІМ-нің нақты талаптарын, қызметкерлердің негізгі міндеттерін еске салды. Сондай-ақ әріптестерінің антқа адал болып, нәтижелі жұмыс көрсететініне сенім білдірді.

Кадрлық тағайындаудың мұндай форматы ішкі істер министрлігінде алғаш рет өткізілді. 

Ішкі істер министрінің бұйрығымен:

  • Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары лауазымына Сапар Бауыржан;
  • Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ерлан Жалмағамбет;
  • Нұр-Сұлтан қаласы ПД “Есіл” аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Әлібек Қожахметов;
  • Нұр-Сұлтан қаласы ПД “Байқоңыр” ауданының полиция басқармасының бастығы лауазымына Марат Абиров тағайындалды.