×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

"Turkistan Invest" басшысының орынбасары сотталды

18.05.2022, 11:10
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Оған сыйбалас жемқорлыққа қатысты бірнеше айып тағылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қиымл агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, "Turkistan Invest" инвестициялар тарту және экспортты дамыту жөніндегі өңірлік агенттігі" ЖШС басқарма төрағасының орынбасарына үкім шығарылды.

"Түркістан қалалық сотының үкімімен "Turkistan Invest" инвестициялар тарту және экспортты дамыту жөніндегі өңірлік агенттігі" ЖШС басқарма төрағасының орынбасары А. Ержанов 3 жыл 6 айға сотталды. Ол жазасын орташа қауіпсіз түзеу мекемесінде жазасын өтейді", - делінген хабарламада.

Ол "Композит Групп Казахстан" ЖШС басшылары С. Конусов пен А. Гомаюмовты алдау жолымен 2 млн теңге иемденгені және Түркістан облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына тракторларды жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алулар конкурсының жеңімпазы деп танығаны үшін пара алды деп айыпталған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.