×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

Батырхан Шөкеновтің мерейтойына арналған монеталар шығарылады

18.05.2022, 11:55
Ұлттық банк

Ұлттық банк Street art. Batyr beinesi коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"18 мамырда дарынды композитор және әнші Батырхан Шөкеновтің туғанына 60 жыл толды. Номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монеталары "Қазақстанды монеталар арқылы таны" атты жаңа серияны ашады", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Street art. Batyr beinesi жаңа монетасы заманауи өнер мен Батырхан Шүкеновті мәңгі есте қалдыру секілді бірден екі мағыналық желіні біріктіреді. Бұл – Ұлттық банктің стрит-арт сияқты қазіргі заманғы жастар өнерін қолдауға арналған алғашқы коллаборациялық монета жобасы.