×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Медицина оқуын бітірген мамандар басқа салаға немесе жеке бизнеске кетіп жатыр

18.05.2022, 12:01
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, өңірлерге барған дәрігерлерге жақсы жағдай жасалмағандықтан, медицина мамандығын игерген жас мамандар жеке бизнеске немесе басқа салаға кетіп қалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

ОКҚ алаңында портал тілшісі министрден кадрлар дефициті мәселесі жөнінде сауал қойған. Министрліктің өзі таяуда елде медицина мамандарының жетіспеушілігіі 7 мыңға тарта адамды құрайтынын, елдің әсіресе батыс және солтүстік өңірлерінде дәрігерлер жетіспейтінін хабарлаған. Ал депутаттар олар барған жерінде тұрақтап қалуы үшін баспана мәселесін шешу керектігін мәлімдеген еді.

«Қазіргі таңда әкімдіктер келген маманды қалдыру, бітісіп мәселесін қарастырып жатыр. Медицина мамандығын 9-10 жыл оқиды. Ұзақ оқитындықтан, өңірлерде медициналық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашып жатырмыз. Жергілікті атқарушы органдар келген маманды көтерме ақымен көмектесіп, барған жерінде үй мәселесін шешуі керек. Әкімдіктердің көбі сол жұмысты атқарып жатыр. Барып көріп те жүрмін. Мәселен, Қостанай облысы келген маманға 5 млн теңгеге дейін қаражат береді екен. Ауылға барған маманға. Солтүстік Қазақстан облысы әкмідігі көтерме ақыны 2,5 млн теңгеге дейін көтереміз деп отыр», - дейді министр.

Ажир Ғинияттың айтуына қарағанда, әкімдіктер университеттерге барып, осы ұсыныстарды беріп жатыр. 

«Қазір дәрігер маманы жетіспейді. Маман жыл сайын көп әзірленеді. Көп шығарамыз. Бірақ жұмыстың қиындығы мен жауапкершіліктің көптігіне байланысты дәрігерлердің көбі осы мамандықта қалып қоймайды. Жеке кәсіпке кетіп қалып жатыр. Сондықтан әкімдіктермен бірге баспана мәселесімен бірге қандай да бір қолдау шараларын қарастырып жатырмыз. Ол заңмен бекітілмегеннен кейін мен қазір нақты айта алмаймын. Заң жүзінде шыққаннан кейін бөлісемін», - деп түйді Ажар Ғиният.