×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Аутсайдер? Ажар Ғиният неге медицинаға инвестиция тарта алмай жатыр

18.05.2022, 12:07
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Сәуірде өткен үкімет отырыстарының бірінде салаға инвестиция тарту мәселесі талқыланып, бұл бағытта ең аутсайдер ведомстволардың соңынан Денсаулық сақтау министрлігі көрінген. Ажар Ғиният басқаратын министрлік неге көш соңында қалды? Бұл сұрақты ОКҚ алаңында Ulysmedia.kz порталының тілшісі министрдің өзіне қойды.

«Өте жақсы сұрақ көтеріп отырсыз. Менің де басты міндетім – салаға инвестиция тарту. Мұның себебінің бірі – 2020 жылы коронавирус инфекциясы басталған кезде біздің саламызға көп инвестиция тартылды. Дәріханалар салынып, диагностикалық ауруханалар ашылды. Шетелдік инвестиция тартылды. Көп көлемі 2020 жылы келді. Соған байланысты былтыр бұл көрсеткіш сәл төмен түскен», - деді Ажар Ғиният.

Министр осы салаға инвестиция тарту үшін биыл Түркияға барып, фармзауыттардың ашылуы, әртүрлі ауруханалар салып, өндірісті жолға қою үшін тиісті шаралар қабылданып жатқанын айтады.

«Тек Түркиямен емес, көп елмен жан-жақты келіссөз жүргізіліп жатыр», - деп түйді ол.