×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

Министр Қазақстанда анықталған КВИ-дің жаңа түрі несімен қауіпті екенін түсіндірді

18.05.2022, 12:13
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуына қарағанда, жаңа вирус тез тарайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айта кетсек, коронавирустың жаңа түрі – «стеллс-омикронның» анықталғанын Денсаулық сақтау министрлігі осыдан 5 күн бұрын жариялаған еді.

«Иә, біз ресми мәлімдеме жасап, Қазақстанның 12 өңірінде коронавирус инфекциясының омикронының бір түрі біздің елде де тіркелгенін жария еттік. Бұл – стеллс-омикрон. Коронавирустың бұл түріне шалдыққандар ауруды дельта-вирустан қарағанда жеңіл көтереді. Алайда ол тез таралуымен, қайта шалдықтыруымен қауіпті. Бүгін бұл вирустың бүкіл елге тарап жатқанын көріп отырмыз. Ауруды мониторингтеу жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Бізге осы белгілермен келген адамдардың бәрі толыққанды ем алуда», - деді министр.