×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Қаскелеңде көкпар тартқандар 10 тәулікке қамалды

18.05.2022, 13:19
Видеодан кадр

Алматы облыстық полиция департаменті Қаскелең көшелерінде көкпар тартқандардың 10 тәулікке қамалғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жуырда әлеуметтік желілерде бір топ көкпаршы Қаскелең көшелерімен жүріп, көлік қозғалысына кедергі келтіргені түсірілген видео тараған болатын.

"Олар қала тұрғындары мен автокөлік жүргізушілерінің қауіпсіздігіне қатер төндірді, сондай-ақ материалдық залал келтірді. Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша "ұсақ бұзақылық" жасағаны үшін жауапқа тартылды. Әрқайсына 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындалды. Сондай-ақ, олар ӘҚБтК-нің 614-бабы 1-бөлігі бойынша "көлік құралдарына кедергі келтіргені үшін" жазаланды", - деді аймақтық ПД баспасөз қызметіндегілер.