×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Финляндия мен Швеция НАТО-ға мүшелікке ресми өтініш берді

18.05.2022, 14:38
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Финляндия парламенті сейсенбі күні НАТО-ға мүшелікке өтініш беруді қолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Финляндия премьер-министрі Санна Марин мен президент Саули Ниинистё 12 мамырда Финляндия үкіметі Солтүстік Атлантикалық альянсқа қосылу туралы ресми шешім қабылдағанын және Парламентпен кеңескеннен кейін өтініш беретінін хабарлаған. 

Осылайша, 200 депутаттың 188-і қолдап, сегізі қарсы дауыс берді. 

Бүгін Брюссельде Финляндия Швециямен бірге НАТО-ға мүшелікке ресми өтініш берді.